«Аяз Ата-Ақшақар 2024»
«Аяз ата, Ақшақар-2024» фестивалінің үшінші күні сол жағалау кешенінде орналасқан Аяз ата резиденциясының көптен күткен маусымдық ашылуы болды. Шара аясында ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өткен жарқын флешмоб балалар мен үлкендердің назарын аударды. Фестиваль өңірлер мен  ШҚО аудандарынан келген Аяз ата мен Ақшақарлардың шеруімен жалғасты.
Сонымен қатар, Республика алаңында облыстың бас шыршасын жағу салтанатты рәсімі болып. 
Бұл оқиға алдағы мерекенің символына айналып, сиқыр мен қуаныш атмосферасын сыйлады.
Кештің соңында фестиваль қонақтары ұмытылмас эмоциялар мен жағымды энергия зарядын сыйлаған концерт пен дискотеканы тамашалады!